Той жасауды күтіп отырғандарға Тоқаевтың жауабы шықты

25 Маусым 2020, 13:22
7202
Бөлісу:
Той жасауды күтіп отырғандарға Тоқаевтың жауабы шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргідей технология заманында той тойлауды тоқтату қажет деп отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы "Ана тілі" газетіне берген сұхбатында айтқан.

Қазір "Тойың тойға ұлассын" деп әндетіп, той тойлап жүретін уақыт емес. Бүгінгідей технологияның заманында той-томалақтың әңгімесін айтып, бір-бірін асыра мақтап, ас ішіп, аяқ босатқанға риза кейіпте жүру әдетінен арылу керек. Тіпті осындай қауіпті пандемия кезінде кейбір азаматтарымыз маған хат жазып, той өткізуге мүмкіндік беру керек деп талап қояды, - дейді Президент.
Ол мемлекеттің өзі өлермендікпен өмір сүретін кезге келдік деп отыр. 
Сондықтан еңбек ету – өмір сүру салтына айналып, басты міндет саналуға тиіс. Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік. Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі, - дейді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы