Тоқаев Үндістан үкіметіне және Премьер-министріне алғыс айтты

18 Сәуір 2020, 23:34
1906
Бөлісу:
Тоқаев Үндістан үкіметіне және Премьер-министріне алғыс айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан үкіметіне және Премьер-министріне алғыс айтты. Бұл туралы Президент өзінің твиттердегі парақшасында жазды.

Пандемиямен күреске арналған дәрі-дәрмек жібергені үшін Үндістан үкіметіне және Премьер-министр @NarendraModi мырзаға шынайы алғысымды білдіремін. Осы көмек Үндістан шетелге дәрі экспорттауды тоқтатқан кезде жіберіліп отыр. Бұл нағыз достық пен ниеттестіктің белгісі деп санаймын - деп жазды Тоқаев.
Өзгелердің жаңалығы