Тоқаев терроршыларды ескертусіз атып, жоюға бұйрық берді

7 Қаңтар 2022, 14:51
1147
Бөлісу:
Тоқаев терроршыларды ескертусіз атып, жоюға бұйрық берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты халыққа үндеуінде айтты.

Кеше Алматы, Ақтөбе қалалары мен Алматы облысындағы жағдай қалпына келтірілді. Енгізілген төтенше жағдай режимі өз нәтижесін берді. Бүкіл еліміз бойынша конституциялық заңдылық орнатылды. Бірақ террористер мемлекеттік және жеке азаматтардың дүние-мүлкіне әлі де залалын келтіріп, азаматтарға қарсы қару қолдануда. Құқық қорғау органдары мен армияға ескертусіз оқ атуға бұйрық бердім. Шетелде тараптарға келіссөз жүргізіп,  проблемаларды бейбіт жолмен шешуге шақырған сөздер айтылуда. Не деген ақымақтық?! Қылмыскерлермен, қанішерлермен қандай келіссөз болуы мүмкін? – деді Президент.

Тоқаев елімізге жергілікті және шетелдік қарулы дайындықтан өткен бандиттермен, терроршылармен бетпе-бетпе келуге тура келгенін атап өтті. Президенттің сөзінше, осы себептен оларды жою керек.

Біз қаруланған әрі дайындықтан өткен жергілікті және шетелдік содырлармен бетпе-бет келіп отырмыз. Нақты айтқанда, содырлармен және лаңкестермен. Сондықтан оларды жою керек. Бұл жуық арада жүзеге асырылады. Күштік құрылымдар бұл міндетті моральдық және техникалық тұрғыдан орындауға дайын, - деді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы