Тоқаев спорт клубтарын қаржыландыруды тоқтату керектігін айтты

1 Қыркүйек 2020, 12:33
3664
Бөлісу:
Тоқаев спорт клубтарын қаржыландыруды тоқтату керектігін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арналған Жолдауында кәсіби спорт клубтарын мемлекет қаржысы есебінен қаржыландыруды тоқтату керектігін айтты.

Өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажет. Қаржы тапшылығы жағдайында кәсіби спорт клубтарын толығымен мемлекет есебінен ұстаудың мәні жоқ. Мемлекет пен квазимемлекеттік компаниялардың бюджетінен миллиардтаған теңге тиімді жұмсалмайды. Бұқаралық спортқа, дене шынықтыруға және әрине, балаларға басымдық беру керек, - деді Президент. 
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы әрбір облыста, ірі аудан орталықтарында спорт секцияларын ашу қажеттігін, жас ұрпақ өкілдері шығармашылық пен қолөнер негіздерін меңгере алатын балалар үйірмелерінің қызметін қайта бастау қажеттігін атап өтті.
Қазіргі заманғы шындық балалар үшін соншалықты қауіпті, сондықтан олардың энергиясы мен қызығушылығын дұрыс бағытқа бағыттау керек. Өйткені, балалар - біздің мемлекетіміздің болашағы. Әкімдердің жұмысын осы өлшем бойынша бағалайтын боламыз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы