Бас жаңалықтар
Тоқаев ШЫҰЕ саммитіне қатысу үшін Бішкекке барды
13 Маусым 2019, 15:44 449

Тоқаев ШЫҰЕ саммитіне қатысу үшін Бішкекке барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына келді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.



"Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамда өтетін отырыстарына қатысады. Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады және қабылданады деп жоспарлануда", - делінген Ақорданың хабарламасында.


Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар екіжақты кездесу, соның ішінде Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен, ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен, сондай-ақ Ауғанстан Ислам Республикасының президенті Мұхаммед Ашраф Ғанимен екіжақты кездесулер өткізеді. 



Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...

Сізден жаңалық