Тоқаев: Құқық қорғау және сот жүйесіне реформа қажет

1 Қыркүйек 2020, 13:45
5361
Бөлісу:
Тоқаев: Құқық қорғау және сот жүйесіне реформа қажет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы кезінде азаматтардың құқығы тапталып жататынын айта келе құқық қорғау саласын реформалау қажеттігін айтты.

Оның айтуынша, заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті жүзеге асырылмайды. Халық үніне құлақ асатын мемлекет – бұл шын мәнісінде әділетті мемлекет құру тұжырымдамасы. Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы дұрыс және әділ шешім шығару қажет. 

Азаматтар мүддесіне қызмет ететін мемлекеттің жаңа стандарттарын әзірлеу үшін көп жұмыс атқаруымыз керек. Осы тұрғыда құқық қорғау және сот жүйелеріне негізгі рөл жүктеледі. Бұл салаға реформа аса қажет. Елдегі қазіргі жағдай құқық қорғау органдарына деген жаңа талаптарды қажет етеді. Олар азаматтардың сұранысына құлақ асуы қажет. Алайда, құқық қорғау органдарындағы жұмыстың басым бағыты бұрынғыдай айыптауға бейімделген. Азаматтар айыптаулар мен қуғындауға түсіп жатады. Жедел іздестіру қызметтері, қылмысты анықтаушылар мен қылмысты қабылдап алатын тергеушілер бір басшының қол астында қызмет етеді. Олардың басты мақсаты - қылмысты анықтап, тергеп, оны сотқа жіберу. Дегенмен, азаматтардың құқығы мен еркіндігі шектелмеу керек. Прокуратура қызметі кешігуде. Олар іс сотқа жіберілген кезде ғана танысады, - деді Президент. 

Тоқаевтың айтуынша, халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, тергеу барысын реформалау қажет. Бізге азаматтардың бостандығын уақытында қамтамасыз ететін және халықаралық стандарттарға жауап беретін тергеу моделі керек. 

Мәселен, полиция қылмысты анықтап, оған қатысты адамдарды табу керек, оған қоса айғақтарды жинауы қажет. Прокурор жиналған айғаққа тәуелсіз баға беру керек, оған қоса кінәсіз адамдарды қылмыстық жауапқа тартпауы керек. Ал, сот соңғы шешімді шығарады. Мұндай қадам тепе-теңдікті сақтап, жұмысты тиімді ете түседі, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы