Бас жаңалықтар
Тоқаев Путинді құттықтады
02 Шілде 2020, 15:57 122

Тоқаев Путинді құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Ресей Федерациясының Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыхалықтық дауыс берудің нәтижелі өтуімен құттықтады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Ресейдің жаңа тарихындағы бұл маңызды оқиға елді одан әрі дамытудың жаңа кезеңіне жол ашып, ұзақмерзімді даму стратегиясын жүзеге асырудың, мемлекеттілікті, егемендікті және экономикалық өсімді қорғаудың берік негізін қалағанын айтты. Сондай-ақ, халықтың Ресей көшбасшысына жоғары деңгейде қолдау көрсеткенін атап өтті, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте елімізге гуманитарлық көмек көрсету мақсатымен дер кезінде шешім қабылдағаны үшін ризашылық білдірді.  


Фото: дереккөз
Загрузка...