Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты

Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады.

 27 Желтоқсан 2019 2019, 09:33
27 Желтоқсан 2019 2019, 09:33
8694

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы бүгін Алматыда болған ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты. Бұл туралы президент өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады, - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды. 
Наверх