Тоқаев 1 жылда еліміздің қанша өңірін аралады?

20 Наурыз 2020, 11:04
2308
Бөлісу:
Тоқаев 1 жылда еліміздің қанша өңірін аралады?
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осыдан тура бір жыл бұрын Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз қалауымен президенттіктен бас тартқан еді. Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім артып, еліміздің ішкі және сыртқы саясатын жан-жақты сезінетінін мәлімдеді. 2020 жылдың 19 наурызынан бастап, Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін қолына алды. Бір жылда мемлекет басшысы біршама жұмыс атқарды. Ол бір жылда 72 рет шетелдік өкілдерді, 211 рет ел азаматтарын қабылдады. Сонымен қатар, 159 жарлық (қаулы), 101 өкім шығарып, 64 заңға қол қойды. Билік тізгіні қолына тиген бір жылдың ішінде Қасым-Жомарт Тоқаев 74 кадрды қызметке тағайындап, 59 адамды жұмыстан босатса, 4 қызметкерге қатаң сөгіс берді. Тоқаев ең алғашқы сапарын Түркістан облысына жасады.

Рабочие поездки Токаева.jpg
Өзгелердің жаңалығы