Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муразәлі Меджидов адам өліміне күдікті ретінде ұсталды. Бұл туралы ресейлік БАҚ хабарлады.
Бұл оқиға 2018 жылдың 13 сәуірінде болған. 21 жастағы Томирис Байсафа МГИМО төртінші курс студенті. Ол үзіліс кезінде төртінші қабаттағы терезеден құлап кетеді. Оның көптеген жері сынған еді. Оқиға оқу орнының екінші бір студенті Мұртазәлі Меджидовпен әңгімелескен соң болған.
Куәгерлердің сөзінше, бұл жайтқа Мұртазәлімен ренжісіп қалған соң барған болуы мүмкін. Меджидов – Дағыстан үкіметінің бұрынғы басшысының ұлы.
РФ тергеу комитеті “Өлімге дейін әкелу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған еді.
2019 жылы президент Тоқаев Томирис Байсафаның анасын қабылдап, іске ерекше мәртебе берілді.
Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова бұл ақпаратты растады.
Әлі де тергеу жүргізіліп жатыр. Бүгін экс-премьер министрдің ұлын ұстағаны туралы хабарлады, - деді ол.