Токиодағы WTA турнирі өткізілмейтін болды

29 Шілде 2020, 08:56
848
Бөлісу:
Токиодағы WTA турнирі өткізілмейтін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус пандемиясына байланысты теннистен әйелдер арасындағы Токиодағы халықаралық дода өтпейтін болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған жарыс алдымен қыркүйек айына жоспарланған еді. Одан кейін коронавирус індетінің өршуіне байланысты қараша айына ауыстырылған.

Былтырғы маусымда жапониялық Наоми Осака дәл осы жарыстың жеңімпазы атанған.

Айта кетерлігі, осыған дейін WTA мен ATP пандемияның кесірінен Қытайда жоспарланған доданың өткізілмейтінін хабарлаған.



Өзгелердің жаңалығы