Бас жаңалықтар
Токио-2020: Владислав Яковлев Токио Олимпиадасын аяқтады
30 Шілде 2021, 10:49 232

Токио-2020: Владислав Яковлев Токио Олимпиадасын аяқтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиода академиялық есуден ерлер арасында D финалы мәресіне жетті.

Аталған санат бойынша Қазақстан сапынан Владислав Яковлев сынға түсті. Мәре сызығында ол Зимбабве спортшысы Петер Пурцелл-Гилпиннен 0,48 секундқа озып кетті. Жарыс нәтижесі бойынша қазақстандық спортшы 7 минут 37 секундта тиісті қашықтықты бағындырып, өз тобында бірінші болды. 

Нәтижесінде, Владислав Яковлев жалпы жарыс қорытындысы бойынша 19 орынға жайғасты.

Айта кетейік, бүгін олимпиаданың кезекті жарыс күнінде жеңіл атлетика мен үш қарғып секіру спорт түрі бойынша еліміздің намысын Ольга Сафронова, Ольга Рыпакова, Ирина Эктова және Мария Овчинникова қорғайды.


Фото: дереккөз
Загрузка...