Бас жаңалықтар
Токио-2020: Қарсыластың өз жерінде ойнағаны әсер етті – Ярослава Шведова
29 Шілде 2021, 14:00 317

Токио-2020: Қарсыластың өз жерінде ойнағаны әсер етті – Ярослава Шведова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теннистен Токио Олимпиадасындағы аралас жұптық сында Ярослава Шведова мен Андрей Голубев жапониялық қарсыластарына есе жіберді. Осы орайда Шведова Токиодағы сәтсіздіктің себебін түсіндірді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Біз соңғы сәтке дейін қарсыластарымыздың кім екенін білмедік. Оның үстіне, ауа райы жағдайына байланысты жабық кортта ойнадық. Мұның бәрі бізге өз әсерін тигізді. Қарсыластарымыз бұрыннан бірге ойнап жүрген спортшылар екен, - деді ол.

Оның айтуынша, тәжірибелі спортшылар ретінде әртүрлі әдістер дайындап келсе де, қарсыластың өз жерінде ойнауы әсер еткен.

Сондықтан оларға жеңіске жету оңайырақ болды. Әрине, біз де дайындалдық. Біз де тәжірибелі спортшыларымыз. Түрлі комбинацияларды әзірлеп шыққанбыз. Бірақ қарсыластарымыз қанша дегенмен өз үйлерінде ойнап жатыр. Бұл да әсер етпей қоймайды, - деді Шведова.

Айта кетелік, Ярослава Шведова жекелей сындағы алғашқы кездесуінде денсаулық жағдайына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартқан болатын.


Фото: дереккөз
Загрузка...