Тоқаев Алматыға барды
19 Қараша 2021, 10:02 183

Тоқаев Алматыға барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы резиденциясында еліміздің қаржы секторының өкілдерімен кездесу өткізеді. Бұдан кейін Президент бірқатар әлеуметтік, білім беру мекемелерін және басқа да нысандарды аралап көреді, сондай-ақ қаладағы жылу электр орталықтарының біріне жүргізіліп жатқан қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысады деп жоспарланып отыр - деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...