Тоқаев Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты

24 Маусым 2020, 17:08
1393
Бөлісу:
Тоқаев Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына орай Мәскеуде, Қызыл алаңда өткен әскери парадқа қатысып, "Белгісіз солдат" қабіріне гүл шоғын қойды.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің бастамасымен Мемлекет басшылары және Үкімет жетекшілері деңгейінде өткен салтанатты шараға Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Молдова Президенті Игорь Додон, Сербия Президенті Александр Вучич, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, сербтерден Босния және Герцеговина Президиумының төрағасы Милорад Додик, сондай-ақ, бірқатар халықаралық ұйымның басшылары қатысты.

Салтанатты шеруде 13 мыңнан астам әскери қызметші, 216 әскери техника және әртүрлі 75 әскери ұшу аппараты сап түзеді.

Қызыл алаңнан 53 жаяу әскер колоннасы, ТМД елдері және басқа да шет мемлекеттердің қарулы күштерінен құралған 13 топ салтанатты түрде сап құрап өтті. Бұл шараға Қазақстан Республикасының атынан десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінің 55 сарбазы қатысты.


Өзгелердің жаңалығы