Тоқаев: Түркістандағы өрттен зардап шеккен ІІМ қызметкерлері мемлекеттік наградаға лайық

12 Қыркүйек 2019, 08:47
1924
Бөлісу:
Тоқаев: Түркістандағы өрттен зардап шеккен ІІМ қызметкерлері  мемлекеттік наградаға лайық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістандағы қонақ үйде болған өрттен зардап шеккен ІІМ қызметкерлерінің тез сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Түркістандағы қонақ үйде болған өрттен зардап шеккен ІІМ қызметкерлерінің тез сауығып кетуін тілеймін. Олардың ерен еңбектері мемлекеттік наградаларға лайық»,- деп жазды мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қыркүйекте кешке Түркістанда Саттарханов көшесінің бойындағы «Royal Grand Hotel» қонақүйінің аумағында «ЗИЛ» көлігі өртеніп, артынша оның ішіндегі газ баллондары жарылды. Жарылыс салдарынан бірнеше адам зардап шекті.

Өзгелердің жаңалығы