Түркістандағы жарылыс. Бірнеше адам зардап шекті

11 Қыркүйек 2019, 02:37
2607
Бөлісу:
Түркістандағы жарылыс. Бірнеше адам зардап шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы әкімдігінде мейрамханадағы жарылысқа қатысты түсініктеме берілді. 

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, өрт 3 тонналы газ цистернасын толтыру барысында пайда болған. Жарылыс барысында бірнеше адам зардап шеккен. Оларды түрлі дәрежеде күйік шалып, ауруханаға жатқызылды. 

Естеріңізге сала кетейік,  сағат 19:00-де Түркістан қаласындағы Саттарханов көшесінің бойында орналасқан «Royal Grand Hotel» қонақүйінің аумағында «ЗИЛ» көлігі өртеніп, артынша оның ішіндегі газ баллондары жарылған. Өртке оранған жердің көлемі шамамен 1400 шаршы метрді құрады.

ҚР ІІМ ТЖК хабарлауынша, автокөлік газ баллондарды тасып бара жатқан. Көліктің ішінде болған баллондардың саны анықталуда. Өрт сөндіруге Түркістан облысы ТЖД-ның жеке құрамынан 70 адам және 14 бірлік техника жұмылдырылды.  
Өзгелердің жаңалығы