ШҚО-да есірткі саудалаған екі адам сотталды

12 Қыркүйек 2019, 08:26
1393
Бөлісу:
ШҚО-да есірткі саудалаған екі адам сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында 100 келіден астам есірткі саудалаған екі адам сотталды, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі. 

ҚР ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар ҚР азаматтары М. Бейсембаев пен Д. Ережеповтің  заңсыз әрекеттерін анықтап, жолын кескен.

«Атап айтқанда, 2019 жылғы 27 наурызда ҰҚК департаменті екеуін 82 кг 343 г есірткі өткізбекші болған кезде ұстады. Одан басқа, Д. Ережеповтің гаражында және автомашинасында тергеу іс-қимылдары кешенін жүргізу барысында қосымша 32 кг 228 г марихуана мен 855 г гашиш алынды. Нәтижесінде жалпы салмағы  114 кг 571 г марихуана мен 855 г гашиш тәркіленді», - делінген хабарламада.

20 тамызда Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен М. Бейсембаев пен Д. Ережепов ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.  



Өзгелердің жаңалығы