Тоқаев халықты жұмыспен қамтуды тапсырды

31 Наурыз 2020, 22:47
1785
Бөлісу:
Тоқаев халықты жұмыспен қамтуды тапсырды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телеарна арқылы жасаған үндеуінде үш мегаполистің айналасындағы жұмыссыздар жаңа жұмыс орындарымен қамтылатынын айтты.

Карантин шараларына байланысты астана, Алматы мен Шымкент қалалары  айналасында жұмысқа қабілетті адамдардың артықшылығы байқалады, әсіресе жастардың. Үкімет пен әкімдер "Жұмыспен қамту жол картасы" аясында осы аталған аймақтарда нақты жобаларды қолға алу керек. Халықтың еңбекақы алатын көзі болу керек, олар жабық шлагбаумда тіршіліксіз отырмауы қажет,-деді президент. 

Сонымен қатар, ол "Жұмыспен қамту жол картасы" аясында жұмысқа шығуға әзір азаматтар үшін қолдау қарастырылғанын айтты.

Олар жұмыс орнына жеткенде 2 төменгі жалақы көлемінде немесе 85000 теңге тағайындалады. Бұл тұрақты жалақысынан қосымша беріледі. Мобильді рекрутты орындар құрылып, әкімдіктер түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, коронавирусқа экспресс-тест жасалады. Сол жерден жұмысшыларды жаңа жұмыс орнына тасымалдайды,-деді Тоқаев. 

Сондай-ақ, ол "Бизнестің жол картасы" бойынша жұмыс берушілер жұмысшылардың барлығын лайықты еңбек жағдайымен және қорғаныс құралдарымен қамтуға міндетті екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы