Тоқаев елордадағы апатты жағдайға қатысты шұғыл шара қабылдауды тапсырды

11 Қараша 2019, 11:05
1992
Бөлісу:
Тоқаев елордадағы апатты жағдайға қатысты шұғыл шара қабылдауды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың басым бөлігінде жарықтың сөніп қалуына байланысты шұғыл шаралар қабылдауды талап еткені туралы жазды.    

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елорданың басым бөлігінде жарықтың сөніп қалуына әкеп соқтырған апатты жағдайға байланысты Үкіметке арнайы комиссия құруды тапсырды. Оған вице-премьер Роман Скляр төрағалық етеді. Комиссия мұқият зерттеу жүргізіп, кінәлілерді анықтап, қажет болған жағдайда істі құқық қорғау органдарына өткізеді. Президент Үкімет пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінен алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін шұғыл шаралар қабылдауды талап етті, - деп жазды Берік Уәли.     
Өзгелердің жаңалығы