Бас жаңалықтар
Тіс неге сарғаяды?
25 Қазан 2020, 21:47 909

Тіс неге сарғаяды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маржандай аппақ тіс тек әдемілік емес, денсаулық кепілі. Оның сарғайып кетуіне не себеп? Тіс күтімінде нені ескеру қажет? 

Күнде тәтті тағам жеп, газдалған сусын ішетіндерде тіс проблемасы болады. Мәселен, тіске құрт түскендегі 62% жағдайға эмаль сапасының нашарлау себеп болады екен. Статистика бойынша, адам орта есеппен ғұмырының 35,5 сағат уақытын, яғни екі тәулікке жақын уақытын тіс тазалауға жұмсайды екен. Тіске қанша күтім жасаса да ол сарғайып кетуі мүмкін, деп жазады massaget.kz.

Тіз өте сезімтал болғандықтан қанша күтім жасасақ та бүлініп, дақтар пайда болып, бүлінуі мүмкін. Оның сарғаюына бірнеше фактор себеп болуы мүмкін. Ауыз қуысын дұрыс күтпеу, гигиенаға мән бермеу, құрамында бояғышы бар және қанты көп сусын ішкен соң тіс сарғаяды. Кейбір адам үйде тісті ағарту үшін тұз, сода не лимон қышқылы қосылған суды қолданады. Алайда бұл дұрыс емес. Дәрігерлер тек емдеу шаралары аяқталған соң ауызды тұзды сумен шаюға рұқсат етеді. Сода мен лимон қышқылы тісті ағартқанымен қызыл иекке зиянын тигізеді.

Испанияның стоматологиялық колледжер қауымдастығының басшысы Оскар Кастро Рейно тістің сарғаюына негізгі 4 фактор әсер ететінін айтады.

Тұқым қуалаушылық

Әр адамның өзіне тән тісінің түсі болады екен. Ген ықпалынан тіс сарғайып не аппақ болуы мүмкін. Сонымен қатар, тістердің түсіне қалқанша безі немесе тироидті гормондар секрециясы қызметтерінің бұзылуы да ықпал етуі мүмкін. Олардың салдарынан тіс қарайып, тіс кіреукесінде дақ пайда болады.

Тағам мен сусын

Ең көп таралған фактор – тәтті тағам мен сусынды көп тұтыну. Кей тағам мен сусын құрамында кездесетін пигменттер тіс кіреукесіндегі ұсақ тесіктер арқылы тісіміздің тіндеріне ене алады. Ал құрамында қанты көп газдалған сусындар тістің сарғаю процесін жылжамдатады.

Дәрі-дәрмек пен пломба

Пломбаның құрамында тістің сарғаюына әсер ететін күміс амальгама кездеседі. Тіске пломба орнатылғаннан кейін уақыт өте келе ол тіс тіндеріне біркелкі тарап, түсін өзгертеді. Сондай-ақ, кейбір дәрі-дәрмектің құрамында тістің түсіне әсер ететін тетрациклиндер бар. 

Қартаю және күтімнің жетіспеушілігі

Қартайғанда адамның тісі сарғая бастайтыны белгілі. Бұл – табиғи құбылыс. Дегенмен тіс тазалауға айрықша мән беруді ұмытпаған жөн. Дұрыс күтім – тістің тез сарғаймауының кепілі.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//