Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Қарулы Күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Дәурен Қосанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында тікұшақ апатынан қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына қандай өтемақы берілетінін айтты.
Оқи отырыңыз:
Еске сала кетсек, 2019 жылдың 27 наурызында Қазақстан ҚК ӘҚК Әскери әуе күштерінің тікұшағы Қызылорда облысында апатқа ұшырап, 13 адам қайтыс болғаны туралы хабарлағанбыз. Депутаттар қаза тапқандардың отбасына көмектесуді сұрады. Маңғыстау облысы әрбір әскеридің отбасына 1 млн теңгеден беретіндіктерін жеткізді. Сонымен қатар, экипаж мүшелерінің құрамы және олардың соңғы сәтке дейін ажалмен арпалысқаны жайлы жазған болатынбыз. Сондай-ақ, қаза болған әскерилердің мүрдесін бүгін Қызылордадан өз туған топырақтарына шығарып салған болатын.