Тікұшақ апаты: қаза тапқандардың аты-жөні анықталды

28 Наурыз 2019, 13:45
3382
Бөлісу:
Тікұшақ апаты: қаза тапқандардың аты-жөні анықталды

Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысындағы әскери тікұшақ апатынан қаза тапқандардың аты-жөні белгілі болды. 


2019 жылдың 27 наурызында «Айбалта – 2019» оқу-жаттығу жоспары бойынша ұшып бара жатқан Ми-8 (28) тікұшағы Қызылорда облысы Жалағаш ауданы аумағында апатқа ұшырады. Тікұшақ бортында болған 13 адамның бәрі қаза тапты. 

Қорғаныс министрлігі қаза тапқандардың тізімін өзінің Facebook-тегі ресми парақшасына жариялады. Олар:
Майор Роман Костыгов, 1985 жылы 26 сәуірде туған,
Майор Тимур Кұдайбердиев, 1985 жылы 17 қыркүйекте туған,
Лейтенант Аслан Айтбаев, 1994 жылы 10 қарашада туған, 
Майор Данияр Қоңырбай, 1985 жылы 10 қарашада туған,
Майор Сабыр Токбаев, 1977 жылы 15 желтоқсанда туған,
Капитан Сырым Мәселім, 1989 жылы 11 желтоқсанда туған, 
3 дәрежелі сержант Кайрат Нурсапанов, 1973 жылы 8 қазанда туған,
Аға сержант Мурат Шарипов, 1979 жылы 4 қаңтарда туған,
Кіші сержант Асхат Абдулманат, 1982 жылы 21 қыркүйекте туған, 
Ефрейтор Айдын Абдильдинов, 1978  жылы 11 желтоқсанда туған,
Ефрейтор Куаныш Саркытбаев, 1986 жылы 8 қыркүйекте туған, 
Ефрейтор Омирхан Каукаев, 1990 жылы 21 тамызда туған, 
Ефрейтор Мирас Жуматаев, 1991 жылы 10 ақпанда туған.


Өзгелердің жаңалығы