Бас жаңалықтар
Tesla Model В – болашақ электровелосипеді
16 Қаңтар 2021, 23:13 210

Tesla Model В – болашақ электровелосипеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Интернетке болашақ велосипеді ретінде сипатталған Tesla Model В туралы ақпарат шықты. Өнеркәсіп дизайнері Кендалл Тернер көздің жауын алатын велосипед дизайнының негізін жасады.

Ақылды және тиімді жеке көлік құралы


Жаңа велосипед электрмен қозғалады. Автопилот толық автономия мен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, жолаушыны діттеген жеріне тезірек жеткізеді.

Tesla Model B – қарапайым велосипедтер мен Tesla автомобильдерінің арасындағы көпір. Сенсор экраны айналаны сканерлеп, велосипедшінің айналасында "қорғаныс қабатын" жасайды және жүргізушіге уақытында мәселе туғанын дер кезінде ескертеді.

Tesla Model B-ның әр дөңгелегінде жеке қозғалтқышы бар. Дөңгелектерге кәдімгі сымдардың орнына амортизатор орнатылған, бұл тегіс жүрісті қамтамасыз етеді.

Жиналмалы руль мен педаль велосипедтің негізіне орнатылған. Руль дөңгелегі де жаңа схемада жұмыс істейді – оны қажетті жағына біраз күш беру арқылы бұруға болады. Яғни бұрылу үшін рульді оңға немесе солға бұрудың қажеті жоқ. Ерекше бақылау тақтасы базаға орнатылған және көптеген функцияларды орындап, қажетті ақпаратты көрсете алады.

Tesla Model B-ның ең таңқаларлық ерекшелігі – жүргізушіге қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін автопилоты.

Ақ-қара түсті электрлі велосипед Илон Масктың ақылды электромобиль тұжырымдамасына толық сәйкес келеді.


Қазіргі уақытта Tesla Model B сериялы өндіріске шығатыны туралы ақпарат жоқ. Бірақ Tesla-ның болашағы керемет жобаларды тез арада жүзеге асыра алатынымен белгілі екенін ескерсек, ақылды велосипед жақын арада нарыққа шығады.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...