Бас жаңалықтар
Tesla компаниясы Model 3 көлігінің бағасын арзандатты
01 Наурыз 2019, 15:03 301

Tesla компаниясы Model 3 көлігінің бағасын арзандатты

Алматы, BAQ.KZ. Электромобилдер өндірумен айналысатын Tesla компаниясы Model 3 көлігінің бағасын 35 мың долларға дейін түсірді. Бұл жайында компанияның ресми сайтында жарияланды.

Компания сондай-ақ, өнімдерін сататын дүкендерді жабатындығын, сатылымды тек интернет арқылы іске асыруды көздейтіндігін жариялады. 

"Көліктерді таныстыратын галерея ретінде бірнеше дүкенді ғана қалдырамыз. Мұндай қадамға бару Tesla өнімдерінің бағасын орташа есеппен 6%-ға дейін төмендетуге жағдай жасайды", - деп түсіндірді компаниядағылар.

Tesla биыл осымен үшінші рет Model 3 көлігінің бағасын түсіріп отыр. Бес орынды седан алғашында 42 мың долларға саудаланған. Бұл электромобильдің бір реттік қуаты 350 шақырымға дейін жетеді. Жылдамдығы 209 км/сағат. Компания сондай-ақ Model 3 электромобилінің 37 мың доллар тұратын нұсқасын да ұсынуда, оның интерьері анағұрлым жайлы келеді. 

Tesla компаниясының директоры Илон Маск осыдан үш жыл бұрын бұл көліктің бағасы төмендейтінін айтқан болатын. Компанияның пайымдауынша, мұндай баға электрокарлардың жаппай нарыққа шығуына жағдай жасайды.

    Фото: ixbt.com/news

Загрузка...

Сізден жаңалық