Бас жаңалықтар
Теннистен әйелдер арасындағы маусым 5 қаңтарда басталады
20 Желтоқсан 2020, 10:39 565

Теннистен әйелдер арасындағы маусым 5 қаңтарда басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) 2021 жылдың маусымашар турнирі қайда өтетінін жариялады деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жылдың алғашқы бәсекесі 5-13 қаңтар аралығында Әбу-Дабиде өтеді. Австралия ашық чемпионатының іріктеу кезеңі 10-13 қаңтарда Дубайда ұйымдастырылмақ. Ал 31 қаңтар мен 7 ақпан аралығында Мельбурнде WTA-ның екі турнирі өтеді.  

Айта кетелік, бұған дейін Australian Open турнирінң 8-21 ақпан аралығында өтетінін белгілі болған. Турнирдің екінші аптасында WTA санатындағы тағы бір жарыс басталады.   



Фото: дереккөз
Загрузка...