Теңіз вахталық қалашығында жұмысшылар мен Атырау облысы әкімдігінің өкілі кездесті

29 Маусым 2019, 18:13
5242
Бөлісу:
Теңіз вахталық қалашығында жұмысшылар мен Атырау облысы әкімдігінің өкілі кездесті
VIDEO
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалашыққа Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары келді. «Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore» жұмысшыларымен кездесу кезінде тұрмыстық жанжалдың әрі қарай ушықпауы, кен орнындағы жұмысты ұйымдастыру жөнінде әңгіме болды.

Аталған мәселелерді құрамына меморгандардан басқа осы компания мен ТШО өкілдері кіретін ведомствоаралық комиссия қарайтын болады. Комиссияны облыс әкімінің бірінші орынбасары басқарады.

Жұмысшылар тарады. Ахуал тұрақты.

ТШО медпункттерінде 30 адамға көмек көрсетілді. Ешқайсының өміріне қауіп жоқ.

Хабарлама - Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі берген дерек негізінде жайындалған.
Өзгелердің жаңалығы