Теңіз кенішінде 1,5 мыңнан астам адам вирусқа шалдыққандармен байланыста болған

30 Сәуір 2020, 10:07
2085
Бөлісу:
Теңіз кенішінде 1,5 мыңнан астам адам вирусқа шалдыққандармен байланыста болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл науқаспен жақын қарым-қатынаста болғандар және байланыс жасағандар, деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

 ​Еске сала кетелік, 16 сәуірден бастап, Теңіз кенішінен шұғыл емес персоналдарды шығару басталған болатын. Тұтастай алғанда 17 000-нан астам жұмысшыны шығару жоспарланып отыр.​
Олардың арасында 6 000 нан астам жұмысшы Атырау облысының,​ 2 000 нан астамы Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының,​ 600 ден астамы Маңғыстау облысының тұрғындары. Қалған қызметкерлер Қазақстанның өзге де өңірлерінен келген мамандар, деп нақтылады Шұғыл штаб.

Қазіргі уақытта 10 мыңнан астам жұмысшы шығарылды. Оның ішінде​ 4 мыңға жуық​ жұмысшы әуе жолымен,​ 3 мыңға жуық жұмысшы темір жол қатынасымен,​ 3 мыңнан астам жұмысшы автобус көлігімен тасымалданды. Қалған жұмысшыларды шығару процесі​ 5 мамырда аяқталады​ деп күтілуде.

Бүгінгі таңда Теңіз кенішіндегі жұмысшылар арасында қауіпті дертке шалдыққандар саны 71 адамға жетті. 12 жұмысшы жазылып шықты.​ Теңіз кенішінде коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болған​ 1,5 мыңнан астам жұмысшы анықталды. Оның ішінде 847 адам жақын қатынаста,​ 718 адам байланыста болған.
Өзгелердің жаңалығы