«Тәуелсіздік ұрпақтары» ұлттық жобасы. Жастардың проблемалық мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді

18 Ақпан 2021, 17:25
3578
Бөлісу:
«Тәуелсіздік ұрпақтары» ұлттық жобасы. Жастардың проблемалық мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесу барысында айтты.

2019 жылы Елбасының тапсырмасымен Жастар жылы жарияланды. Кейін 2020-да Волонтерлар жылы жүзеге асырылды. 2021 жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы тойланады. Жиынның күн тәртібіндегі негізгі мәселенің бірі «Жастар саясаты туралы» заңына өзгерістер енгізу болып отыр, - деді ол. 

Байманов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасына 2021 жылға арналған жұмыс жоспары қосылғанын айтты. 

Оған сәйкес, оны Парламент Мәжілісіне енгізу биылғы желтоқсанға жоспарланып отыр. Қазіргі таңда жұмыс тобын құру бойынша жұмыс жүзеге асырылып жатыр. Жұмыс тобы барысының отырыстарында заң жобасының тұжырымдамасы әзірленеді. Министрлік 3 ақпанда стратегиялық сессия форматында іс-шаралар ұйымдастырылды. Олар бойынша әр өңірде аталған заң жобасы талқыланып, ұсыныстар алынды. Бұл жұмыстар жалғасатын болады.Жоспар бойына мамыр айында біз бұл сұрақты қоғамдық талқылауға шығарамыз, - деді ол. 

Шахмардан Байманов айтқандай, қазір Тәуелсіздік ұрпағы ұлттық жобасы әзірленіп жатыр. 

Ол бойынша ұсыныстар қабылданып жатыр. Жастардың проблемалық мәселелеріне ерекше көңіл бөлу жоспарланып отыр. Ол жастардың қолжетімді баспанамен қамтылуы және жұмыспен қамту, білім беру мәселелері бар. Бұл мәселе бойынша мемлекеттік органдармен жеке жұмыс атқарылып жатыр. 2019 жылы Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында жастарға арналған пәтерлер беру басталды. 2021 жылға дейін баспана алған жастар саны 9 мыңға жетеді, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы