Тәуекел Мүсілім әке атанды

8 Қаңтар 2021, 15:09
3444
Бөлісу:
Тәуекел Мүсілім әке атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық танымал актер, модель Тәуекел Мүсілім әке атанды. 

Бұл туралы актердің өнердегі әріптестері әлеуметтік желіде жарыса жазып жатыр.

32 жастағы актердің жары Махаббат Түктібаева ұл бала дүниеге әкелді. Әзірге сәбидің есімі қойылмаған.

Махаббат Түктібаева 25 жаста. Қарағанды медицина университетін бітірген. 2017 жылы Қарағандының вице-аруы атанған. Тәуекел екеуі 2019 жылы шаңырақ көтерген. Олар жарнамалық роликке түсу кезінде танысқан. Актер Махаббатты өзі ұнатып, оған назар аудара бастағанын бірнеше рет айтқан еді. Бірақ тойлары карантинге байланысты өткен жоқ.

Өзгелердің жаңалығы