Таскескен – Бахты тасжолы биыл толық пайдалануға беріледі

3 Маусым 2019, 09:32
2367
Бөлісу:
Таскескен – Бахты тасжолы биыл толық пайдалануға беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Таскескен-Бахты» (ҚХР шекарасы) автожолын қайта жаңарту жұмыстары 2017 жылдың соңында басталды. Жобаның бас мердігері «СК «Зайсан» ЖШС. Жоспар бойынша жолшылар 2019 жылы жалпы ұзындығы 20 шақырым жол учаскесін жаңартуда.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш учаскедегі жұмыстарға 83 бірлік жол-құрылыс техникасы мен 151 адам жұмылдырылған.

«Бүгінде нысанда бұрғылау, жер қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жолшылар жолдың жоғарғы қабатына асфальт-бетон жабынын төсеуде. Алдағы уақытта темір-бетон құбырларын орнату, Таскескен ауылында «Жол эксплутациялық пунктін» жөндеу жұмыстары басталады», - делінген хабарламада.

Биыл учаскедегі жұмыстар толық аяқталып, пайдаланымға беріледі деп жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы