Тарихта алғаш рет қазақстандық брейкингтен әлем чемпионы атанды
PHOTO
07 Қараша 2021, 19:40 201

Тарихта алғаш рет қазақстандық брейкингтен әлем чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық Әмір Закиров (B-Boy Amir) тарихта алғаш рет Польшада өткен Red Bull BC One брейкинг бойынша әлем чемпионы атанды.

Закиров әлемдік финалға өткен 16 брейкерлерінің арасынан үздік атанды. Шешуші белдесуде төрешілердің басым дауысымен ол өзінің қарсыласы канадалық B-Boy Phil Wizard-ты жеңді.

Закиров 23 жаста, Петропавлда туған, осымен үшінші жыл Мәскеуде тұрады. Чемпион 2020 жылы Прагада өткен Legits Blast жеке кездесуде, одан кейін 2021 жылы Unbreakable және Red Bull BC One Cypher Kazakhstan турнирлерінде жеңіске жеткеннен кейін халықаралық аренада өз атын нығайта түсті. Ол билеуді 2009 жылы Predatorz Crew құрамында бастады және қазіргі күнге дейін осы топ атынан өнер көрсетіп келеді.

Брейкинг - көшедегі динамикалық акробатикалық би. 2020 жылы ол ресми түрде олимпиадалық тәптіп ретінде танылып, 2024 жылы Парижде өтетін ойындар бағдарламасына енгізілді.


Фото: дереккөз
Загрузка...