Таразда үздік полиция қызметкерлері марапатталды

30 Сәуір 2019, 22:31
5265
Бөлісу:
Таразда үздік полиция қызметкерлері марапатталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың 28-29 сәуірі аралығында Тараз қаласы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің Жол-патрульдік полиция батальонында «Үздік маман – 2019» дәстүрлі байқауы өткізілді. 

Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, байқаудың негізгі мақсаты – жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті сақтауды, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асыруда білімдерін, дағдыларын жетілдіру.

Таразда үздік полиция қызметкерлері марапатталды

«Дәстүрге айналған бұл іс-шараға Жамбыл облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы Жол-патрульдік полиция батальонынан 5 қызмет инспекторы және Тараз қаласы Полиция басқармасынан 5 қызмет инспекторы қатысып, бақ сынасты. Кәсіби біліктіліктерін көтеруде, қызметте жан-жақтылықтарын дамытуда аталмыш шараның атқарар рөлі зор деп ойлаймын», - дейді Жол-патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары полиция майоры Дәулетбек Жанғабылов.

Таразда үздік полиция қызметкерлері марапатталды

Екі күнге белгіленген байқаудың алғашқы күні қатысушылар қызметтік жұмысты реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуге арналған тестілеу түріндегі сынақ, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Қылмыстық, Қылмыстық-процестік кодекстерінің және Жол жүрісі қағидаларының негізгі нормаларын білуге арналған емтихан тапсырып, атыс даярлығы, сондай-ақ, көше қиылысында жол қозғалысын практикалық реттеу, көлік құралдарын жылдамдықпен маневрлеу бойынша сынға түсті. Келесі күні алғашқы медициналық көмек көрсету, дене шынықтыру даярлығы және қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін меңгеру бойынша сынақ тапсырды. Қызметкерлер аталған кезеңдердің талаптарын кәсіби деңгейде орындай білді.

Таразда үздік полиция қызметкерлері марапатталды

Іріктелген қызметкерлердің арасында жарыстың барлық талабтарын орындап, үздік нәтиже көрсеткен қалалық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің жол-патрульдік полиция батальонының 3-рота 1- взводының қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Төлеби Тұрсынбеков бірінші орынға лайықты деп танылса, ал екінші орын Полиция департаменті ЖПҚБ ЖППБ 1-взводының қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Ерболат Әуезханға бұйырды. Жүлделі үшінші орынды Тараз қаласы ПБ ЖПҚБ ЖППБ 1-рота 1-взводының қызмет инспекторы полиция лейтенанты Ерболат Қауынбаев еншіледі. Жеңімпаздар «Үздік маман» атағымен қатар, ұйымдастырушылар тарапынан кубок және грамоталармен марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы