Бас жаңалықтар
Talgo пойызына қатысты кезекті дау: Жолаушылар артық төлеген қаржыны қайтарып алады
17 Қараша 2019, 20:07 876

Talgo пойызына қатысты кезекті дау: Жолаушылар артық төлеген қаржыны қайтарып алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көп жылдар бойы пойыздар жолаушыларын төсек-жабдықпен қамтамасыз етіп келген компаниямен "Жолаушылар тасымалы" АҚ келісімшартты бұзды. 

Алайда, оның орнына келген жаңа компания тасымалдау операторын жерге қаратып отыр. Соның кесірінен "Жолаушылар тасымалы" АҚ 1-20 қараша аралығында стандартқа сай көрпе-жабдықпен қамтамасыз ете алмағаны үшін жолаушыларға артық ақшаны қайтарып беретін болды. Бұл туралы компанияның ресми сайтында хабарланған.

Бір қызығы, бұл жайттың алдын алуға болатын еді. Алайда, кәсіпкер Асқар Омаровтың айтуынша, "Жолаушылар тасымалы" үнемдеудің орнына, керісінше, қыруар шығынға батып келеді.

Жолаушылар пойыздарына төсек-жабдық жеткізіп отырған "Ас-Ай" компаниясы осыдан бес жыл бұрын тендерде жеңімпаз атанған. Алайда, "Жолаушылар тасымалының" оны жақындатқысы жоқ. Пайдадан айырылған "Ас-Ай" ЖШС қарап қалмай, тасымалдау компаниясын бірнеше рет сотқа беріп, барлығында да жеңіске жетті. Сот шешімдері бар. Өндірілмеген пайданы жауап беруші төлеп келеді. Соған қарамастан, "Ас-Ай" компаниясы "Жолаушылар тасымалы" тарапынан олқылықтар барын алға тартып отыр.
Бүгінде төсек-жабдық үшін тасымалдау операторы бір компанияға ақша төлеп отыр. Ол компания міндеттемені уақытында орындай алмады. Бұл туралы ресми сайтта хабарлама жарияланды. Ал біз сот шешімімен айырылған пайданы өндіріп алып отырмыз. Сонда, "Жолаушылар тасымалы" екі мәрте шығынға батып отыр емес пе?, - дейді Асқар Омаров.

 
Кәсіпкердің айтуынша, бұл олқылық бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. 
Біз заңды тендер жеңімпазымыз. Алайда, тасымалдау мекемесі басқаға басымдық беріп отыр. Онсыз да шығынға ұшырап отырған теміржол саласы одан сайын артық шығын төлеп келеді. Мұның барлығы басшылықтың дұрыс жұмыс жасамауынан. Осындай жағдайға жеткізіп алған соң, тіпті "Жолаушылар тасымалы" компаниясына неміс азаматын басшылыққа тағайындады. Әліптің артын бағамыз. Алайда, мен президент Тоқаев пен "Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ Президенті Мыңбаевқа хат жазамын. Мұндай бассыздықты болдырмау керек, - дейді Асқар Омаров.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...