Талғат Қалиев «Үркер» сыйлығын жеңіп алды

28 Маусым 2019, 20:10
1512
Бөлісу:
Талғат Қалиев «Үркер» сыйлығын жеңіп алды
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда өтіп жатқан баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер» ұлттық сыйлығының «Жыл new media» аталымы бойынша жеңімпаз анықталды.

Бұл аталымда төрт үміткер болатын:
Kaliyev-channel 
ҚР Президенті телерадиокешені «Давай сходим» 
Аида Жексен
Осылардың ішінен  Kaliyev-channel  жеңімпаз атанды. Сыйлықты ҚР Мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен табыстады. 

Еске сала кетейік, аталған сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін беріледі. Сонымен қатар, сыйлық өңірлердегі мультимедиалық журналистиканы дамытуға ықпал ету, журналистика мәртебесін көтеру, кәсіби стандарттар мен критерийлерді бекіту, қоғамның  азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған.

Ұлттық сыйлықтың негізгі мақсаты - талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестерін тану және шығармашылықтарына қоғамның назарын кеңінен аудару болып табылады.

Өзгелердің жаңалығы