Тағы бір жалған ақпарат

5 Желтоқсан 2020, 23:01
1244
Бөлісу:
Тағы бір жалған ақпарат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың Интранет-порталында мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің санын 45%-ға қысқарту, мемлекеттік қызметшілерді қысқарту есебінен жалақыны арттыру туралы спам-хабарлама таратылуда, сондай-ақ қысқартылатын лауазымдар тізбесі қосымшамен ұсынылған.  

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.

Осыған байланысты аталған хабарламаға назар аудармауды және адресатты «спам таратушы» категориясына  енгізу бойынша жұмыстар жүргізуді сұраймыз. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызмет саласына қатысты шынайы ақпарат Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми Интернет-ресурсында жарияланатынын және бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы  таратылатынын атап өтеміз - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы