Сурет арқылы тағамның құнарлылығын анықтайтын мобильдік қосымша пайда болды

30 Қыркүйек 2019, 10:25
3298
Бөлісу:
Сурет арқылы тағамның құнарлылығын анықтайтын мобильдік қосымша пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Канададағы МакГилл университетінің програмистері ішкен тамағының әрбір калориясын есептейтіндерге арналған мобильдік қосымшаны таныстырды.

Тағамның фотосын түсіргеннен кейін, аталмыш қосымша оның құрамындағы азық-түлікті анықтауға кіріседі. Артынша тамақтағы ингредиенттердің тізімін, олардың мөлшерін, тағамдық құнарлылығын, бұдан бөлек тағамдағы май, ақуыз, көмірсу, тұз, холестерин мөлшерін, тіпті кейбір дәруменді де анықтап беретін көрінеді.

Қосымшаның анықтау дәлдігі ­­– 80%.

Қосымшаның сипаттамасы arXiv порталында толығырақ сипатталған.

Бұған дейін канадалық инженерлер селфи арқылы қан қысымды өлшеп беретін мобильдік қосымшаны ойлап тапқан болатын.

 

Өзгелердің жаңалығы