Жапония 2027 жылдан кейін деректерді өңдеу орталықтары (ЦОД) мен бұлтты сақтау қызметтерін тексеру және тіркеу жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл бастама цифрлық инфрақұрылымның қауіпсіздігін арттырып, ақпаратты қорғауға бағытталған.
Nikkei газетінің мәліметінше, жаңа жүйені Экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігі мен Әкімшілік істер және коммуникациялар министрлігі қадағалайды.
Ведомстволар дата-орталықтар мен бұлтты сервистерді құратын компанияларды тексеріп, олардың жұмысының сенімділігін және жабдық жеткізушілерінің қызметін бағалауды көздеп отыр. Міндеттердің бірі – мұндай нысандарға шетелдік ықпал ету қаупінің алдын алу.
Жүйе рұқсат беру тәртібімен жұмыс істейді. Егер ақпараттың сақталуына қауіп төндіретін жағдайлар немесе заңбұзушылықтар анықталса, мемлекеттік органдар ескерту жасап, дата-орталықтар мен бұлтты сервистердің жұмысын тоқтата тұруға құқылы болады.
Тиісті заң жобаларын келесі жылы парламенттің қарауына енгізу жоспарланып отыр.