Таеквондо федерациясы іріктеу ойындарын биыл өткізуді жоспарлап отыр

31 Мамыр 2020, 14:22
1812
Бөлісу:
Таеквондо федерациясы іріктеу ойындарын биыл өткізуді жоспарлап отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президенті Чхунвон Чоу жыл соңына дейін Азия және Еуропа спортшылары Токио Олимпиадасына іріктеу сындарына қатысуы мүмкін екенін хабарлады.


Айта кетелік, індетке байланысты олимпиадалық іріктеу турнирлері белгісіз мерзімге шегерілген болатын. Бүкіләлемдік федерациясы азия аймақтық іріктеу турнирін Қытайдың Уси қаласынан Иорданияның Амман қаласына ауыстырған болатын. Алайда, кейін жарыс белгісіз уақытқа шегерілді.
Азия мен Еуропадағы спортшыларымыз турнирге биыл қатысады деген үмітіміз бар. Біз әлемдегі ахуалды жіті қадағалап отырмыз. Алдымыздағы ең үлкен міндет – COVID-19 індетін жеңу, - деді Чоу мырза. 



Өзгелердің жаңалығы