Бас жаңалықтар
Түркия қазақтары Қасым-Жомарт Тоқаевты жаңа қызметімен құттықтады
31 Наурыз 2019, 10:47 683

Түркия қазақтары Қасым-Жомарт Тоқаевты жаңа қызметімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия қазақтары Қасым-Жомарт Кемелұлын Қазақстан Республикасының жаңа Президенті лауазымына тағайындалуымен құттықтап, қызметіне табыс пен сәттілік тіледі.

Құрметті Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Біз, Түркия қазақтары сізді ата жұртымыз Қазақстан Республикасының жаңа Президенті лауазымына  тағайындалуыңызбен құттықтай отырып, қызметіңізде табыс және сәттілік тілейміз.

Аталарымыздың кіндік қаны тамған жердің тәуелсіз, әлемге танымал, қуатты және беделді мемлекет болуы бізді әрқашан қуантады, әрі осындай дәрежеге жеткен елімізді шетте жүрген біз әрқашан мақтан тұтамыз.

Сіздің тәжірибелі, беделді саясаткер және мемлекет қайраткері ретінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сияқты халқының, елінің қамын ойлайтын, мемлекетіміздің экономикалық, саяси және әлеуметтік тұрғыдан мықты ел болуы үшін еңбек етіп, өнегелі істер атқаруға бар күшіңізді салатыныңызға шын жүректен сенеміз.

Елордамыз Астананың атының Нұрсұлтан деп өзгертілуі туралы ұсыныс жасауыңызды тұңғыш президентімізге шексіз құрметтің белгісі әрі дәлелі деп есептейміз. Сіздің осы әрекетіңіз Түркия қазақтарын қуантып жатыр.

Ата жұртымыздың әр салада дамып, алға жылжып, жаңа жетістіктерге жетуі үшін біз, яғни Түркия қазақтары қолымыздан келгенді істеп, өз үлесімізді қосуға әрқашан дайынбыз. Бүгінге дейінгі елімізбен арамызда болған байланыстың одан әрі нығая түсетініне сенімдіміз.

Бүгінге дейін атқарған қызметтеріңіз және елге сіңірген еңбектеріңіз арқылы қазақ халқының сүйіспеншілігіне бөленген сізге Алла тағаладан ғұмырыңыздың ұзақ болуын, деніңіздің саулығын, осы жауапты қызметте табысты және абыройлы болуыңызды тілейміз.

Қазақ елінің көк байрағы ашық аспан астында мәңгілік желбірей берсін деген тілекпен,

Қазақ–Түрік білім және зерттеу қауымдастығының төрағасы, Дүниежүзі Қазақтары Қауымдастығының төралқа мүшесі:

Шабан Серкан Динчтүрк;

Қазақ-Түрік қорының төрағасы:

Фазыл Топлу;

Салихлы қазақтары қауымдастығы төрағасы:

Шүкрү Али Ерен

Загрузка...

Сізден жаңалық