Түркістандағы блок-бекеттер жұмысы күшейтіледі

2 Сәуір 2020, 18:19
993
Бөлісу:
Түркістандағы блок-бекеттер жұмысы күшейтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында індетке шалдыққан азаматтар саны 11-ге жетті. Осыған орай Түркістан қаласының әкімі Р. Аюпов қала тұрғындарына үндеу жасады.

Барлық блок-бекеттер жұмысы күшейтілетінін хабарлаймын. Және де қала ішінде тұрғындардың жөнсіз жүруіне тыйым салынды. Бүгін қаламызға ҚР Қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасымен  әскери қызметкерлер және арнайы техника жұмылдырылды. Жергілікті қызметкерлер тарапынан және осы кісілердің қатысуымен сақтық шаралар орындалуы қатаң қадағаланып, мойынсұнбаған тұрғындар заң аясында жауапқа тартылатынын ескертемін, – деді қала әкімі.

Өзгелердің жаңалығы