Түркістанда кәсіпкерлерді қолдайтын жоба жұмыс істеуде

9 Қаңтар 2019, 21:46
1738
Бөлісу:
Түркістанда кәсіпкерлерді қолдайтын жоба жұмыс істеуде

Астана, baq.kz. Түркістан облысында ел экономикасына инвестиция құю процесін оңтайландыру мақсатында, сондай-ақ инвесторларды қағазбастылықтан және сыбайлас жемқорлық фактілерінен сақтау үшін «Protecting Business and Investments» жобасы іске асырылып жатыр.

Бұл туралы Түркістан облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Ғанижан Асанұлы мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Түркістан облысында Департамент тарапынан бүгінгі таңда жалпы құны 240 млрд. теңге болатын 5 ірі инвесторлар сүйемелдеуге алынып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Аталған жоба аясында инвесторлар сыбайлас жемқорлық фактілерінің кез-келген көріністеріне жол бермеуге, қандай да бір заңсыз факт туындайтын болса, тікелей Агенттікке және оның аумақтық Департаменттеріне баяндау туралы келісімге қол қойылады. Өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган келісімге қол қойған инвесторларды заңда белгіленген құзыреттерді және өз ресурстарын пайдалана отырып 100 пайыз сыбайлас жемқорлық фактілерінен 24/7 принципі негізінде, яғни кез келген уақытта қолдап, қорғайтын болады», – деді Ғани Асанұлы.

Өзгелердің жаңалығы