Түркістан: 5 елді мекенде қауіп сейілді

4 Мамыр 2020, 14:05
2111
Бөлісу:
Түркістан: 5 елді мекенде қауіп сейілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтаарал ауданының 10 елді мекені қауіпті аймақта орналасқан. 

Оның 5-еуі, яғни Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылдары су астында қалса, қалған 5 елді мекенді облыс әкімдігі, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, ҚазСУШар және ауыл тұрғындарынан құралған волонтерлердің көмегімен су басу қаупінен шығарылды.

Соның ішінде атап өтетін стратегиялық маңызы зор 14 мыңнан астам халқы бар Мырзакент елді мекені қызыл су басудан аман қалды. 
Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өңірлік коммуникация қызметінің алаңында мәлімдеді. 

Журналистерге арнап брифинг өткізген облыс әкімінің орынбасары Мақтаарал ауданында су басу қаупі бар елді мекендер айналасына бөгеттер тұрғызылғанын жеткізді. 

Нұрлы жол елді мекені аумағында ұзындығы 2,5 м, биіктігі 1,5 м болатын бөгет соғылды. Фирдоуси елді мекенінен Мырзакент елді мекеніне қарай 3 коллектор орналастырылды. Өргебас елді мекенінің аумағында ұзындығы 20 м, биіктігі 1 м болатын бөгет жасалса, Ырысты елді мекенінде биіктігі 0,5 м, ұзындығы 40 м бөгет соғылды. Сондай-ақ, Жантақсай елді мекенінің маңынан ұзындығы 800 м болатын бөгет тұрғызылды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, көрші Жетісай ауданында Қоғалы ауылының автомобиль жолының бойында ұзындығы 500 метрден асатын бөгет салу арқылы нығайту жұмыстары жүргізілуде (бөгет салуға 6000 дана қап пайдаланылған). Аталған жұмысқа 649 адам, 15 дана техника жұмылдырылған. Оның ішінде жергілікті әкімдіктен 13 техника, 15 адам, ТЖД 30 адам, Полиция департаментінен 4 адам, 2 техника және  600-ден астам еріктілер бар. 

Көрші Жетісай ауданында Қоғалы ауылының автомобиль жолының бойында ұзындығы 500 метрден асатын бөгет салу арқылы нығайту жұмыстары жүргізілуде (бөгет салуға 6000 дана қап пайдаланылған). Аталған жұмысқа 649 адам, 15 дана техника жұмылдырылған. Оның ішінде ерекше атап өтетіні жергілікті 600-ден астам волонтерлердің жұмысы. Жанашырларға алғысымызды білдіреміз, - деді С. Қалқаманов. 

Өзгелердің жаңалығы