Бас жаңалықтар
Су басу салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды
04 Мамыр 2020, 10:29 899

Су басу салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің Өкімімен Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді су басу салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. 

Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдың төрағалық етуімен комиссия құрамына орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының басшылары кірді. 

Комиссия алдына келтірілген залалды бағалау және су басу салдарын жою, инженерлік, көліктік, әлеуметтік инфрақұрылымды, тұрғын үйлерді қалпына келтіру, сондай-ақ зардап шеккен тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсету міндеттері қойылды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...