Бас жаңалықтар
Студенттер үшін маңызды хабарландыру. Вице-министр сессиядағы өзгеріс жайлы айтты
08 Желтоқсан 2020, 17:58 1963

Студенттер үшін маңызды хабарландыру. Вице-министр сессиядағы өзгеріс жайлы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов қысқы сессия қашан аяқталатынын айтты. 

26 қарашада қысқы сессия басталып кетті. Әдетте сессия жылдың соңына дейін аяқталады. Демек студенттер жаңа жылға дейін емтихан тапсырып, демала алады, - деді Мирас Дәуленов.

Оның айтуынша, пандемия басталған кезде басқа білім мекемелеріне қарағанда жоғары оқу орындары қашықтан оқуға дайын болды. Қазіргі уақытта студенттердің 84% қашықтан оқиды. 

Ал штат аралас режимде жұмыс істейді. Коронавирус пандемиясының жалғасуына байланысты гуманитарлық, әлеуметтік бағытта оқитындар қашықтан оқуын жалғастыра береді. Медициналық, инженерлік бағытта оқитындар үшін қашықтан білім алу қиын. Сол себепті олар аралас режимде оқиды деген шешім қабылданды, - дейді вице-министр.

Мирас Дәулетов интернетке сапалы қол жетімділігі жоқ шалғай ауылдарда тұратын студенттер ЖОО жанындағы жатақханада тұруға және оқуын жалғастыруға мүмкіндік алғанын атап өтті.


Фото: дереккөз
Загрузка...