Бас жаңалықтар
StopMusor әлеуметтік жобасының нәтижелері белгілі болды
31 Наурыз 2021, 11:34 507

StopMusor әлеуметтік жобасының нәтижелері белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның экологиялық ұйымы қауымдастығының басқарма төрайымы Айгүл Соловьева StopMusor әлеуметтік жобасының нәтижелеріне арналған баспасөз конференциясында айтты.

2020 жылдың шілдесінен «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ бастамасымен «Филипп Моррис Қазақстан» команиясының қолдауымен StopMusor әлеуметтік жобасын іске асырды. Жобаның мақсаты - адамдарды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға, қоғамдық орындарда қоқыс тастамауға, экологиялық этикетке үйретуге, сол арқылы қалалық эко-жүйелерді қорғауға бағытталған, - деді Соловьева. 

Ол атағандай, жобаны тиімді іске асыру, жобаға халықты жаппай тарту мақсатында, iOS және Android үшін қолжетімді жобаның сайты, әлеуметтік парақшасы мен мобильді қосымшасы әзірленген. 

Жергілікті телеарналарда, қоғамдық көліктерде және Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының ХҚКО көрсетілетін ақпараттық және анимациялық бейнероликтер әзірленді. Сонымен қатар жоба туралы билбордтар дайындалып, орнатылды. 1 мен 3 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласында полиэтилен пакетінен бас тарту күніне орайластырылып полиэтилен пакеттерін жинау бойынша экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Акция 1 күн ішінде 3 саябақта өтті. Қорытындысы бойынша 4000-нан астам пакет жиналды, - деді ол. 

Соловьева жоба аясында кезең бойынша қандай жұмыстар атқарылғанын тізіп берді. 

29 тамызда Ақмола облысы Аққөл ауданының Талқара ауылында «Пластикке жоқ деп айтайық» атты эко-фестиваль ұйымдастырылды. 16 қыркүйекте Алматы қаласында «Астана аспанының астында» атты өнер объектісінің презентациясы өткізілді. Бұл Алматы қаласы күніне сыйлық болды. 19  қыркүйекте World Cleanup Day 2020 дүниежүзілік экологиялық акциясы шеңберінде бүкіл ел бойынша 6000 тоннадан астам қоқыс жиналды, оның 4899 тоннадан астам қайта өңдеуге жіберілді. Осы күні ағаш отырғызу ұйымдастырылды. Қоқысты бөлек жинау ұлт пен өркениеттің мәдениетін көрсететін тұтас кешенді мақсат болып табылады, - деді Соловьева.

Ол атағандай, StopMusor жобаның ұйымдастырушылары экологиялық акцияны қолдады.

Астананың 150-ден астам нысаны электр қуатынан ажыратылды.

Бұл акция Жер планетасы бойынша жаһандық тренд екендігін көрсетеді және оған Қазақстан қосылды. Энергияны үнемдеу сөзі 1 сағат ішінде қараңғыда отырып оның қайдан пайда болатындығы туралы ойландырады. Жыл сайын 180 елде миллиондаған адам жарық пен электр құрылғыларын 1 сағатқа өшіреді, оның мақсаты – адамзат назарын планетамыздағы климат өзгерісіне аудартып, экологиялық мәселені бірлесіп шеше алатынымызды көрсету, - деп атап өтті Соловьева.
Бұған дейін жылына бір қазақстандықтың 500 келіге жуық қоқыс шығаратыны анықталды.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...