СҚО-да 20 мың гектар жерге соя егілді

7 Маусым 2019, 20:48
1431
Бөлісу:
СҚО-да 20 мың гектар жерге соя егілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі дала жұмыстары аяқталды, деп мәлімдеді «Хабар24». 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл диқандар 4 млн 2 мың гектар жерге дән сепкен. Оның 1 млн гектары – майлы дақылдар. Мемлекет тарапынан агроқұрылымдарға арзандатылған бағамен жанар-жағармай берілген. 

«Агроөнеркәсіп саласын дамыту үшін шаруаларға 40 млрд теңгеден астам субсидия бөлініп отыр. Өңірде егін шаруашылығын әртараптандыру жұмыстары жүйелі жалғасып келеді. Биыл ауа райы жақсы болды. Егін себу жұмыстарын да уақытында бітірдік. Облыс бойынша биыл 20 мың гектар жерге соя егілді» дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Ерболат Бекшенов.

Өзгелердің жаңалығы