«Спутник V» халал ма?

8 Сәуір 2021, 18:24
2341
Бөлісу:
«Спутник V» халал ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары Ершат Оңғаров пікір білдірді.

 «Спутник V» вакцинасы туралы Ресей Федерациясының Мұсылмандары Діни басқармасына сауалдар жолданған еді. Біз оң жауап алдық. Вакцина құрамында шариғатқа қарсы келетін заттар жоқ екендігі белгілі болды. Онда жануарлардан алынатын ешқандай компонент анықталмады. Компоненттер харам деуге негіз жоқ. Спутник V - халал вакцина, - деп мәлімдеді наиб мүфти Ершат Оңғаров.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары отандық QazVac вакцинасына да тоқталды.

Бүгінгі таңда Денсаулық сақтау министрлігі өкілдеріне қазақстандық QazVac вакцинасы мен «Спутник V» вакцинасының бірнеше экземплярын қарап, зерттеу мүмкіндігін беру туралы ресми сауал жолдадық. Вакциналар жеткізілгеннен кейін өз зертханаларымызда вакциналардың құрамын қараймыз. Сондықтан отандық вакцина туралы әзірше ештеңе айта алмаймыз, - деп хабарлады ол.

Сондай-ақ Ершат Оңғаров вакцинаның бірінші компонентін алған адамдарға дәрігер кеңесін орындау керектігін айтты. Егер денсаулығыңызға қауіп жоқ болса, ораза ұстауға рұқсат етіледі деді.

Еске салсақ, Ершат Оңғаров ораза тұтқан адам КВИ-ге шалдықса, оразасын жалғастыруға бола ма деген сауалға жауап берді.


Раушан Арманқызы
Өзгелердің жаңалығы