Бас жаңалықтар
Бүгін
ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы көкпарға қатысты ресми мәлімдеме жасады
20 Ақпан 2019, 19:22 333

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы көкпарға қатысты ресми мәлімдеме жасады

Астана, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы халықаралық көкпар ережесіне қатысты ресми хабарлама жасады. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.

«2019 жылғы 14 ақпанда Астанада Халықаралық «Көк Бөрү» федерациясының Конгресі өтті. Жиынға 9 елдің (Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Моңғолия, Ауғанстан, Тәжікстан, Мажарстан) өкілдері қатысты. Алдын ала шақыру жіберілгеніне қарамастан, Қырғызстанның «Көк Бөрү» федерация өкілдері қатысқан жоқ. Жиында халықаралық «Көк Бөрү» федерациясының халықаралық көкпар/көкбөрү спортының жаңа ережесі қаралып, бекітілді. Конгресте 9 елдің 8 өкілі жаңа ережені қолдап дауыс беріп, бір ел қалыс қалды» - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Ұлттық спорттың хабарламасында Қырғызстан «Көк Бөрү» федерациясының президенті Ж.Саматов хабарлағандай Түркі халықтарының дәстүрлі ойындары халықаралық қауымдастығының шешімі емес екені айтылған.

«Бұл кейбір БАҚ-та жарияланып жатқан Қырғызстан «Көк Бөрү» федерациясының президенті Ж.Саматов хабарлағандай Түркі халықтарының дәстүрлі ойындары халықаралық қауымдастығының шешімі емес. Халықаралық «Көк Бөрү» федерациясының шешімі. Демократиялық қағидаларға сәйкес, көпшіліктің дауыс беруімен шешім қабылданып, хаттамаға қол қойылды. Сондықтан аталған шешім Қазақстанның емес, Конгреске қатысушылардың басым бөлігінің (9/8) ортақ шешімі» - делінген Ұлттық спорт таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ, ұлттық спорт қауымдастығы Ж.Саматовтың: «Көкпар ассоциациясына мүше болған өкілдерге 50 мың доллар қаржы бөлінеді», - деген мәлімдемесін ресми түрде жоққа шығарғандарын және оның осы пікірін БАҚ-та жария түрде терістеуін талап еткен.

Сізден жаңалық