Бас жаңалықтар
Сомалиде лаңкестер шабуылынан 10 адам қаза тапты
13 Шілде 2019, 17:45 341

Сомалиде лаңкестер шабуылынан 10 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сомалиде содырлар отельге шабуыл жасап, 10 адам қаза тапты.

Бұған қоса, ондаған адам түрлі жарақат алып, ауруханаға түскен. Лаңкестер мен қауіпсіздік қызметі өкілдерінің арасындағы атыс жалғасуда.

Associated Press мәліметінше, Сомалиде қаруланған содырлар тобы Кисмайо қаласындағы отельге шабуыл жасаған. Оқиғадан 10 адам қаза тауып, тағы ондаған адам ауыр жарақат алған.

Жергілікті полиция дерегінше, бастапқыда отель алдында автомобиль жарылған, одан кейін лаңкестер ғимараттың ішіне кірген. 

Ақпаратқа сәйкес, шабуыл үшін жауапкершілікті "Аш-Шабаб" ислам тобы өзіне алған.

Жергілікті билік өкілі Абди Ахмедтің айтуынша, қаза тапқандар - отельдін тұрақты қонақтары. Әдетте, бұл қонақүйде заң шығарушылар мен жергілікті шенеуніктер тоқтаған.

Қазір төтенше жағдай болған аудан қоршауға алынған. Отельдегі қонақтардың көбі эвакуацияланды. Лаңкестер мен қауіпсіздік қызметі өкілдерінің арасында атыс жалғасуда. Қаза тапқандар саны көбеюі мүмкін.

Сізден жаңалық